Маңғыстауда қаңтар оқиғасы бойынша 7 қылмыстық іс тоқтады

447

Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Кұттықов қаңтар оқиғасында тәртіпсіздіктер бойынша 7 қылмыстық іске тергеу басталғанын, бірақ олардың барлығы кінәлілерді анықтау мүмкін болмағандықтан тоқтатылғанын хабарлады.

Маңғыстауда қаңтар оқиғасы бойынша 7 қылмыстық іс тоқтады

Өңірде жаппай тәртіпсіздіктер қирату, басқа аймақтардағыдай ғимараттарды басып алу болған жоқ. Жолдарды жапқан дерек бойынша 7 факт болды. Тергеу тоқтатылды, өйткені құрамында билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық фактілері болған жоқ. 

Еске сала кетейік, Ақтау әуежайына баратын жолды ереуілшілер көліктерді өткізбей жауып тастаған болатын. Ақтау-Жетібай тас жолы, Құрық кентіне баратын жол да жабылды. Әуежайдан келе жатқан Маңғыстау облысы әкімінің көлігін тоқтатты. Ақтауда қоғамдық көлік жүргізушілері белгісіз тұлғалардың қудалауына байланысты жолға шықпады. Ақтаудағы сауда орталықтарының иелері митингке байланысты жабық тұрды. "Ынтымақ" алаңында рұқсат етілмеген ереуілдерде көгілдір отынның құнын 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу