Маңғыстауда карантин күшейтілді

782

Аймақтағы ішкі туризм уақытша шектелуі мүмкін.

Маңғыстауда карантин күшейтілді

Маңғыстау облысында ресми түрде 13 қазан 00 сағаттан бастап карантин күшейтіледі. Бұл жөнінде халыққа хабарлаған қоғамдық коммуникация орталығы облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні қаулысына енгізілген өзгерістерді жариялады. 

"Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындарының, дәмханалар мен әрі супермаркеттердің жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жүрмейді. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа базарлардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі". 

Айта кетейік, аймақта бірнеше айдан бері ковид-ахуал тұрақты болып келген. Алайда соңғы тәуліктерде короновирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ жаз айларында Маңғыстау облысына келуші туристер де көп болған. Облыстағы карантин мұндағы ішкі туризмді уақытша тоқтатуы мүмкін.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу