Маңғыстауда кәсіпкерлер қиыршық тас өндіруге халықтан рұқсат сұрайды

529

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданынан 380 шақырым қашықтықта қиыршық тас өндірісі қолға алынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маңғыстауда кәсіпкерлер қиыршық тас өндіруге халықтан рұқсат сұрайды Фото: lada.kz

"Ас Карьер" ЖШС жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл мақсатта қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерде жергілікті халықтың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.

Қазірдің өзінде мұндай өндіріске тұрғындар қарсы.

"Қиыршық тас өзімізден шықса, материал арзандайды деп көндіргісі келеді. Бәрі бекер. Одан келетін зиян одан да жоғары. Денсаулығымызға әсер етіп, демікпе ауруы өршиді. Біздің ауданнан салғанға қарсымын. Халық саны өсіп барады. Күні ертең сол өндірістің қасына үйлер салына бастайды", – дейді Мұнайлы ауданының тұрғыны Қуанышбек Шапық.

Айта кету керек, маңғыстаулықтар қиыршық тас өндіретін компаниялардың жұмысына бірнеше рет шағымданды. Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында тұрғындар шаңның кесірінен зардап шегіп отыр. Ауыл тұрғындары карьерлердің жанында тұрғандықтан денсаулығы нашарлағанын айтады. Экологтар тексерулер жүргізіп, оның барысында заң бұзушылықтар анықталды. Кінәлі компанияларға айыппұл да салынды. Шетпедегі проблеманы шешу үшін онлайн-бейнекамералар орнату, жүк машиналарының салмағын өлшеу және қозғалысын бақылау пунктін ұйымдастыру ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу