Маңғыстауда кәсіпкерлерге павильондар жалға берілмек

660

Оларда жалға алу мен азық-түлік құны төмен болады деп күтілуде.  

 Маңғыстауда кәсіпкерлерге павильондар жалға берілмек

Маңғыстау облысында сәуір айынан бастап "Маңғыстауда жасалған" атты жаңа жоба қолға алынған. "Жобаның басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерден "Ретро бонустарды", супермаркеттердегі сөрелерді пайдаланғаны үшін алынатын төлемдерді жою", – деп түсіндіреді облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Әли Сәрсенов.

Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның өсуін және тауарлар жетіспеушілігін болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі күн сайын жүргізіліп отыр. Сауда нысандары мен жергілікті өндірушілер арасында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде жалпы саны 245 меморандумға қол қойылған. Маңғыстау облысының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға жергілікті бюджеттен 1 063 млн.теңге бөлінген.

"Қоғам тарапынан 683 млн.теңге көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды, 14 кәсіпкерлік нысанымен несие шарттары жасақталып, 429 млн.теңге көлемінде несие берілді", – деп мәлімдеді өз кезегінде "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясының басшысы Абзал Меңдібаев.

Ақтау қаласы бойынша "Каспий" ӘКК-ге қарасты 16 сауда павильоны бар. Қазіргі уақытта олар байқау бойынша кәсіпкерлерді қолдау мақсатында оларға конкурс тәртібімен жалға беріліп отыр. Болашақта бұл павильондарда жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылымға шығарылмақ екен. Сонымен қатар, павильондағы баға нарықтағыдан төмен болады және оны жалдаған кәсіпкерге құны төмендетіліп беріледі деп жоспарлануда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу