Маңғыстауда Каспий теңізінің бетінде май тәрізді дақ анықталды

326

Экологтар мониторинг жүргізді.  

Маңғыстауда Каспий теңізінің бетінде май тәрізді дақ анықталды Фото: inaktau.kz

Маңғыстау облысында Аташ жағажайы маңындағы Каспий теңізі акваториясында теңіз бетінде май тәрізді дақ анықталды. Тиісті ақпаратты облыстық экология департаменті таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 тамызда Аташ жағажайы маңындағы Каспий теңізі акваториясында теңіз бетінде май тәрізді дақтың анықталуына байланысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандарымен тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

"Мониторинг барысында Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз акваториясы тексеріліп, теңіз суының сынамалары зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынды. Сонымен қатар, Каспий теңізінің аталған аумағында және оған іргелес акваторияларда мониторинг жұмыстары жалғасуда. Теңізде қызмет атқаратын кемелердің экипаждарына және кемелер тоқтайтын айлақтардың иелеріне мұнай өнімдерінің теңізге төгілуіне жол бермеу, сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде ескертілді", – делінген хабарламада.

Жағдай Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бақылауында екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу