Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Аташ ауылы аумағында Каспий теңізі суының бетінде белгісіз майлы дақтар табылды.
Мамандар Аташ және Баутино ауылдарының маңында теңіз жағалауына мониторинг жүргізіп, Каспий су айдынында майлы қабатты тапты. Ведомство қызметкерлері зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамаларын алды.
""КАНТА" кемесінен теңізге шамамен 300 литр дизель отыны төгілгені анықталды. Тұрғындардың айтуынша, жанар жағар май төгу оқиғасы "Батыс Мұнай Транс" ЖШС-не тиесілі кемеде болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144- бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде", - деп атап өтті экология департаментінің өкілдері.