Маңғыстауда Каспийді сақтауға бағытталған жаңа жоба таныстырылды

423

Каспийдің экологиялық жағдайын жақсарту жолдары қарастырылды. 

Маңғыстауда Каспийді сақтауға бағытталған жаңа жоба таныстырылды Фото: Sputnik / Ксения Воронина

Бүгін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы мен оны сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланған жоғары деңгейдегі диалог өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан "Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі жағдайындағы тұрақтылықты арттыру" жобасы таныстырылды.

Кездесуде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, климаттың өзгеруі, теңіз суының ластануы және биоалуантүрліліктің азаюы негізгі мәселелер ретінде қаралды. Бұл үдерістер жағалау аумақтарына, инфрақұрылымға, өңір экономикасы мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Жоба аясында Каспийдің су теңгерімі мен теңіз деңгейінің өзгеруін зерттеу, биоалуантүрлілік пен теңіз ортасының жағдайын бағалау, сондай-ақ жағалау аумақтарының тұрақтылығын зерделеу көзделген. Сонымен қатар экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған гранттық тетік қарастырылған.

Жиында ғылыми деректер мен цифрлық технологияларды қолдану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Каспий теңізіне қатысты деректерді әкімнің цифрлық кабинеті арқылы аумақтық жоспарлау жүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл өңірді дамыту және инвестициялық жобаларды жоспарлау кезінде экологиялық тәуекелдерді ескеруге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Каспийді сақтау мемлекет, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық және азаматтық қоғамның бірлескен іс-қимылын қажет ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу