Маңғыстауда Каспийдің табиғи ортасын сақтау бойынша операция басталады

508

Мақсат – Каспий теңізінің шекара сызығынан өту, заңсыз балық аулау, суда жүзу құралдарын пайдалану әрекеттерін жою. 

Маңғыстауда Каспийдің табиғи ортасын сақтау бойынша операция басталады Фото: Жағалау күзетінен

1-30 сәуір аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау және Атырау облыстарының департаменттері Каспий теңізі маңы мемлекеттерінің шекара ведомстволарымен өзара бірлесіп іс-қимыл жасайды. Онда Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген шекаралық режимдерді сақтау, мемлекеттің табиғи байлығын ұрлаумен айналысатын браконьерлік заңсыз қызметті анықтау мақсаты тұр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Су үстіндегі жағдайды бақылау, шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті өндіруді бақылау, Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелер мен шағын жүзу құралдарының болуы ережелерін сақтау теңіз бөлімшелерінің негізгі міндеттеріне жатады", – дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті басқармасының бастығы Талғат Төребаев.

Мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы 68 жүзу құралында 153 құқық бұзушы ұсталған. Оның ішінде шекара тәртібін 79, аумақтық және ішкі су режимін 71, мемлекеттік шекараны 3 адам бұзғаны анықталды. 400 шақырымға жуық браконьерлік балық аулау желілері мен 17 мыңнан астам ілмек құралдары тәркіленді. Табиғи мекендеу ортасына 946 асыл тұқымды балық, 54 итбалық қайта жіберілген. Мемлекетке келтірілген залал 1,82 млрд теңгені құрайды. ҚР заңнамасын бұзушыларға 3,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі шаралар қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу