Маңғыстауда Каспийдің тайыздануына байланысты су алу арнасы тереңдетіледі

79

Бұған дейін 2024 жылы қарашадан 2025 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілген.

Маңғыстауда Каспийдің тайыздануына байланысты су алу арнасы тереңдетіледі Фото: Маңғыстау облыстық су ресурстары және ирригация басқармасы

Маңғыстау атом энергия комбинатының хабарлауынша, ТЭЦ-2 су алу арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Бұған Каспий теңізінің тайыздануы себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорынның мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында "Қазгидромет" мекемесінің деректері бойынша теңіз деңгейі Балтық биіктігі жүйесі бойынша 29,71 метр белгісінде тіркелген. Салыстырмалы түрде алғанда, 1995 жылы бұл көрсеткіш 26,85 метр болды. Яғни, су қоймасының деңгейі 2,8 метрге төмендеген.

"МАЭК" ЖШС Бас директорының өндіріс және БН-350 реакторы жөніндегі орынбасары Ерболат Ибрагимовтің айтуынша, қалыптасқан жағдай ТЭЦ-2 су алу арнасы ауданында жағалау сызығының шегінуіне алып келген. Бұрын арнаның теңіз жақ бөлігі 590 метр болса, қазіргі таңда ол 145 метрге дейін қысқарған. 

– Сондай-ақ су алу арнасының оңтүстік-шығысында ені 500 метрден асатын тайыз аймақтар пайда болған. Теңіз деңгейінің әрі қарай төмендеуі, ТЭЦ-2 арнасына келетін теңіз суының айтарлықтай азаюына әкеледі, – дейді Ерболат Ибрагимов. 

Бұған дейін 2024 жылы қарашадан 2025 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілген. Ол кезде 500 метр аумақта тазалау және тереңдету жұмыстары қолға алынды. 

Маңғыстау атом энергия комбинатының хабарлауынша, қазір теңіз суының тұрақты келуін қамтамасыз ету мақсатында, арнаны ары қарай да тереңдету және оған іргелес акваторияны кеңейту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу