Маңғыстауда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

406

Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алигер Іңкаровтың мәліметінше, 2023 жылдың алты айында өңірде 15 жазатайым оқиға болып, нәтижесінде 19 қызметкер зардап шеккен.  

Маңғыстауда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кәсіпорындарға айыппұл салынды Фото: lada.kz

Оның ішінде 13 қызметкер ауыр жарақат алып, алты адам қаза тапқан. 2022 жылдың осындай кезеңінде кәсіпорындарда 19 жазатайым оқиға орын алған, соның салдарынан 25 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапқан.

Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева 2022-2023 жылдардың алғашқы алты айындағы өндірістік объектілерді тексеру нәтижелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, өңірдегі барлық аудандармен, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 60 жоспарлы тексеріс жүргізілген.

Соңғы алты айда бұзушылықтардың нәтижесінде жалпы сомасы 19 320 000 теңгеге айыппұл салынды.

Алигер Инкаров тексеру барысында 164 бұзушылық анықталғанын атап өтті. Оларды жою үшін 24 нұсқама берілген, 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сондай-ақ 13 ескерту жазылған.

Бұзушылықтардың негізгі себептері - өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігі және желдету жүйелерінің болмауы, жұмыс орындарында микроклиматтың сақталмауы және өндірістегі жұмыс жағдайлары үшін санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмауы болып табылады.                                                                                                                                                                                                                                                                  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу