Маңғыстауда "ҚазАзот" компаниясы айыппұл төледі

1505

Ал "Rixos" бассейнінің суы зиянсыз болып шықты.

Маңғыстауда "ҚазАзот" компаниясы айыппұл төледі

Маңғыстау облысында қоршаған ортаны ластаған "ҚазАзот" компаниясына айыппұл салынды. Аталған мекемеге қатысты тұрбалардан шығып жатқан сары түсті түтінді байқап, видеоға түсіріп алған тұрғындар оның улы болуы мүмкін екендігін айтып, облыстық экология департаментіне шағымданған. 

Белгілі болғандай, мекеме цехында расымен де өндірістік ақау болып, соның салдарынан ауаға 0,042 тонна нитроздық газ жүйесіндегі қалдық шығарынды кетіп қалады. Экологтар оған байланысты 246 510 теңге айыппұл салып, қазіргі күні ол толықтай төленген. 

Сол сияқты, "Instagram" әлеуметтік желісіндегі парақшаның бірінде Қаракөл көліне құбырдан ағынды судың төгіліп жатқан видеосы жарияланған болатын. Ол бойынша тексеру жүргізген экология департаменті бұл судың "Aktau tourism City" LTD мекемесіне қарасты "Rixos" қонақжайындағы бассейндердің суы екенін анықтаған.

Су құрамын тексерген департаменттің экологиялық бақылау және зертханалық-талдамалық бөлімдерінің мамандары: "Ағынды суларды тазарту барысында физикалық, биологиялық тазарту, сүзу, хлорлау жүйесі, кері осмос және кірді құрғату құрылғылары пайдаланылатыны белгілі болды. Бұл құбыр "Мемсараптама" РМК-мен келісілген жоба негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып орындалған, сонымен қатар, қоршаған орта эмиссиясына рұқсат қағаздары келісілген. су сынамасының талдау нәтижесінің хаттамасына сәйкес, ағынды суда шекті-рауалды концентрациядан асатын зиянды заттар анықталған жоқ",– деген қорытындыға келіп отыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу