Маңғыстауда кемедегі мұнай қалдықтарын өңдеуге 35 миллион теңге жұмсалады

966

Маңғыстауда кемедегі мұнай қалдықтарын өңдеуге 35 миллион теңге жұмсалады

Билік қаражат бөлу мәселесі он күн ішінде шешілетіндігіне уәде берді. Кеме тәулік бойы күзетке алынды. Бұл жайлы Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Сағынбаевтың айтуынша, мұнай қалдықтарын кәдеге жарату үшін қоқыстарды жинап, тазалап, шығару және таратумен айналысатын  мердігер ұйым табу керек.

"Біздің таңдауымызда бірнеше ұйым болды. Бір ұйым аталған жұмыстарды атқаруға 39 миллион теңге сұрады. Келесі компания 36 миллион теңге. Біз "Қазақтеңізкөлікфлоты"  компаниясына да хабарластық. Алайда, олардың қызметі бұдан да қымбатқа шықты. Ең төменгі баға ұсынып отырған компанияны таңдап алатын шығармыз. 10 күн ішінде қаржы басқармасы қаражат бөлу мәселесін шешеді. Мен жергілікті полиция қызметінің басшысымен сөйлестім. Ол күзетшілердің кемені күні-түні бақылайтындығын айтты. Соңғы тексеру кезінде экологтар кеме айналасынан зиянды заттар концентрациясының ұйғарынды артуын байқамаған. Мен ол жерде өзім де болдым. Экологтар арнайы ыдыстарға барлық өнімдерді құйып, төменге қойды. Кеме бұзылмаған, сондықтан қауіптенуге себеп те жоқ", - деді Серік Сағынбаев.

Сондай-ақ, ол Маңғыстау облысы әкімдігінде құрамына Маңғыстау төтенше жағдайлар департаменті, облыстық ішкі істер қызметкерлері және Маңғыстау облысы экология департаментінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобы құрылғандығын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу