Маңғыстау облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына "Ақберен" диспетчерінен бүгін таңғы сағат 03-25 "Қаратұрын Южный" кен орнында №303 пайдалану ұңғымасынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Мамандар өртенген газды сұйық қоспа “Бозащы мұнай” ЖШС-не тиесі екенін айтты. Оқиға орнына "Ақберен" ЖШС, "КӘАҚҚ РО" ЖШС 8 қызметкер және 4 техника, ТЖ қызметінен 74 адам, 16 техника жұмылдырылды.
Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат та айтылмай отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу