Маңғыстау өңірінде "Кибер-шериф" кешендері қызмет атқарады.
Жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері жоғары үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады.
Қазіргі уақытта бұл құрылғы өңірде қалыпты деңгейде жұмыс істейді, олар жол жүру ережелерін бұзатын жүргізушілерді мемлекеттік тіркеу белгілерін тани отырып, инспекторды одан әрі хабардар етеді, іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексереді, оларды тіркейді және бейнеге жазады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу