Маңғыстауда кинотеатрлар мен спорт залдарының ашылуына рұқсат берілді

667

Маңғыстаудағы сауда үйлеріне, сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Маңғыстауда кинотеатрлар мен спорт залдарының ашылуына рұқсат берілді

Маңғыстау облысында 23 қазан 00:00 сағаттан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Облыстың бас санитар дәрігерінің 21 қазандағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, енді Маңғыстаудағы сауда үйлеріне, сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда жексенбі күні жұмыс істемейді.

Спорт залдары қауіпсіздік, санитарлық ережелерді сақтап, толымдылығы 30%-дан аспай ғана қызметін жандандыра алады.

Сондай-ақ, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар да дәл осындай талаптарды сақтай отырып, ашылады. Оларға жұмыс күндері (1-5 күндері) сағат 22:00 ге дейін, сенбі күні 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал жексенбі күні жұмысын тоқтатады.

Маңғыстауда балабақшалар (кезекші топтардан бөлек), бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен банкет залдары және түнгі клубтардың жұмыс істеуіне әлі де тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу