Маңғыстауда қиыршық тас шығаратын карьерлерге шектеу қойылды

1418

Карьерлерде заң бұзушылықтар анықталып, заң талабы негізінде айыппұл салынды. 

Маңғыстауда қиыршық тас шығаратын карьерлерге шектеу қойылды

Маңғыстау облысында Шетпе тұрғындары көтерген мәселе оң шешімін тапты. Ауыл маңында қиыршық тас өндіретін компаниялардың шаңы осы уақытқа дейін көпшіліктің наразылығын тудырып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді олар (арнайы комиссияның 24 желтоқсандағы шешімі бойынша) өз жұмысын тоқтатты.

Осы мәселеге қатысты облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, жер қойнауын пайдаланатын кәсіпорын иелеріне қоршаған ортаны қорғау талаптарынан сақтауға қатысты бірнеше талап қойылды.

"Тасты ұсақтау барысындағы шаңның пайда болуына әсер ететін объектілерді шатырлармен немесе басқа ангарлармен жабу; шаң басу үшін су себу жұмыстарын жандандыру; карьерге баратын жолдарды толықтай асфальттау; көгалдандыру; жоспарланған жарылыстар кезінде жарылыс күшін азайтуға, шаңды басуға, жарылыс алдында жергілікті әкімдіктерге хабарлама жіберу", секілді талаптарды компаниялар орындауы керек болған.

Жоғарыда аталған жұмыс жоспарларын ұсыну үшін 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін уақыт белгілен еді.

Сонымен қатар, аталған мекемелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органдар кешенді тексеріс жүргізді. Нәтижесінде карьерлерде заң бұзушылықтар анықталып, заң талабы негізінде айыппұл салынды. 11 жер қойнауын пайдаланушы мекемеге мынадай шешім қабылданды.

"Шетпе Тас" ЖШС, ДК "ШҚ А. Сейдалиев" мекемелері жұмысын түбегейлі тоқтатты.

Ал, "МКДСМ" АҚ, "Теміртас-1" ЖШС, "Аян Ақтау" ЖШС, "Бай-Бег" ЖШС мекемелері жұмысын уақытша тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу