Маңғыстауда қоқиқаздардың өлекселері табылды

260

Құстар неден өлген?

Маңғыстауда қоқиқаздардың өлекселері табылды Фото: Азамат Сәрсенбаев

Өлекселерді далада, Қаламқас пен Қаражанбас арасында жергілікті тұрғындар тауып алған. Тұрғындар шамамен 5 қоқиқаздың өлексесін көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Lada.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Блогер Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында өлген қоқиқаздардың суреттерін жариялады.

"Өлекселерді тексеріп, зерттеуіміз керек, бұл құстарды осылай шашырататып тастайтын шаңды дауыл болмаған сияқты еді, олар табиғи түрде өлді ме, әлде біреу өлтірді ме?", – делінген блогердің жазбасында.

Айта кетейік, жуырда ғана қоқиқаздардың Қаракөлге ұшып келгені туралы ақпарат тараған еді. Маңғыстаулық эколог Кирилл Осин қоқиқаздардың өліміне қатысты өз нұсқасын айтты.

"Бұл ұзақ ұшуға шыдай алмаған құстар болуы мүмкін. Бұл құстар арасында өте кең таралған құбылыс және бұл көбінесе жас жануарларға қатысты. Кейде оларға күш пен тамақтану жетіспейді. Бұл табиғи сұрыпталудың бір мысалы. Ал өлекселердің жыртылып кеткені, өлгеннен кейін жыртқыштар талап тастаған болуы мүмкін", – дейді "Эко Маңғыстау" ұйымының директоры Кирилл Осин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу