Маңғыстауда көлік өртеніп, 1 бала қаза тапты

205

Тағы 7 адам ауыр жарақат алды.

Маңғыстауда көлік өртеніп, 1 бала қаза тапты Фото: видеодан алынған кадр

Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 

"Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу