Маңғыстаудың көшесінде келе жатқан қоқыс таситын көлік өртеніп, кейін жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Жарылыстың салдарынан жақын маңдағы ғимарат әйнектер ұшып кеткен.
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
"7 қыркүйекте сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының жанындағы жол бөлігінде қоқыс таситын көлік өртенді. Көлікте газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны әйнектерді қағып, 20 метр жерде орналасқан азық-түлік дүкенінің баннерін зақымдады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу