Осы дерек бойынша ҚР ҚК-тің 366-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қайрат Бәйгебаевтың мәлімдеуінше, автокөліктерді техникалық байқаудан өткізумен заңсыз айналысқан 21 оператордың жұмысы тоқтатылды. Ал, "Каспий" ӘКК инвестициялық жобаларға арналған жер учаскелерін жеке кәсіпкерлік мақсатқа бергені анықталып отыр. Қазіргі уақытта 7 жер учаскесін мемлекетке қайтару мәселесі сотта қаралып жатыр.
Сондай-ақ, көші-қон полициясы қызметіндегі талдау нәтижесінде лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелді. "Ақтау теңіз порты", "Құрық порты", темір жол саласына сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік кодексті бұзған 23 адамға қатысты іс қозғап, жалпы сомасы 7,5 млн. теңге айыппұл салды. Бір тұлғаға қатысты заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу кезінде тапқан 18 млн тг табысын мемлекетке тәркілеу туралы шешім қабылданды.