Маңғыстауда коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге айыппұл салынды

1002

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердегі заңсыздықтарды анықтады. "Табиғи монополиялар туралы заңға" сәйкес, өңірдегі 17 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.     

Маңғыстауда коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге айыппұл салынды

"Департамент осы субъектілерге қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 164-бабы, 4-бөлігі бойынша жалпы сомасы 14 млн тг астам қаражатты құрайтын 17 іс қозғады. Оның ішінде 11 нысан мемлекеттік бюджетке 4 млн тг айыппұл төледі. Әрі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 6 субъектіге қатысты жалпы сомасы 5 250 600 теңгеге әкімшілік жаза қолданылды", - дейді департамент басшысы Жандос Салимов.

Ендігі кезекте "ҚазТрансГазАймақ" мекемесі бақылауға алынды. Бұл компания өткен жылы облыста 134,68 шақырым газ құбырын жөндеуден өткізген. Мұнайлы ауданына қарасты Батыр, Басқұдық, Атамекен селолық округтері газбен толықтай қамтамасыз етіліп, ал Жарма мен Басқұдық, Бейнеу, Боранқұл ауылдары ішінара газдандырылды. Енді Мұнайлы ауданына қарасты Баянды-2 кенті мен Жаңаөзен қаласындағы қолданыстағы құбырлар ауыстырылмақ. Инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуы мен тарифтік сметалардың орындалуы барысын қадағалау қорытындысы алда шығарылады.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу