Маңғыстауда көпбалалы анаға "Күміс алқа" 2 жылдан кейін табысталды

422

Прокуратураның араласуынан кейін қажетті құжаттар рәсімделді.    

Маңғыстауда көпбалалы анаға "Күміс алқа" 2 жылдан кейін табысталды Фото: noks.kz/news

Маңғыстау облысының прокуратурасы алты бала тәрбиелеп отырған Қарақия ауданының тұрғынының "Күміс алқа" мемлекеттік наградасын алу құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, көпбалалы ана 2023 жылы мемлекеттік наградаға ұсыну туралы өтініш берген. Алайда ауданның уәкілетті органдары ұзақ уақыт бойы оның өтінішін қарау және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.

Жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігіне байланысты азаматша облыс прокуратурасына жүгінген. Прокуратураның араласуымен қажетті құжаттар рәсімделіп, уәкілетті органның қарауына жолданды.

Нәтижесінде биылғы сәуір айында көпбалалы анаға "Күміс алқа" мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табысталды.

Прокуратура азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу