Маңғыстауда қоршаған ортаға залал келтірген компанияларға 242 млн теңге айыппұл салынды

571

Маңғыстау облысында жыл басынан бері уәкілетті орган қызметкерлері өндірістік кәсіпорындарға қатысты 48 рет тексеру жүргізген.

Маңғыстауда қоршаған ортаға залал келтірген компанияларға 242 млн теңге айыппұл салынды

Соның 21-і арыз-шағымға байланысты жоспардан тыс қолға алынды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 242 млн теңгеден асып жығылады. Қазір соның 109 млн теңгесі өндірілген.

Мәселен, Жетібай ауылының іргесіне мұнай қалдықтары үздіксіз төгіліп, соның салдарынан 10 мың тоннадай қалдық жиналған орынға айналған. Жақында экология талаптарын өрескел бұзған "Void" ЖШС-і 56 млн 359 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Табиғатқа залал келтірген компанияның тағы бірі – "Емір Ойл". Қалдықтарды қоршаған ортаға тастағаны үшін компания 57 млн теңге айыппұл арқалады. Ал Каспий теңізі мен Қаракөлге сарқынды су төккен "Rixos" бес жұлдызды қонақүйі қожайындарының мойнына 75 млн теңге айыппұл ілінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу