Маңғыстауда көшеде жүрген арыстан қолға түсті

1201

Ол әзірге облыста уақытша тұрып жатқан Ресей циркіне тапсырылды

Маңғыстауда көшеде жүрген арыстан қолға түсті

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының тұрғындары жергілікті уақытпен таңғы 5.30 шамасында беталды жүрген арыстанды көріп қалып, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Оқиға орнына тез жеткен полицейлер жыртқышты ешқандай қиындықсыз байлап-матап, торға қамайды. Қамау кезінде арыстан ешқандай қарсылық көрсетпеген. 

Аңға су беріп, жағдайын тексерген облыстық полиция департаменті мен аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері одан ешқандай жарақатты байқамапты. 

Қазіргі таңда арыстан облыс аумағына келіп, карантин мезгілінде белгілі бір жағдайлармен шыға алмай қалған Ресей циркіне уақытша берілген. Ол шамамен бір-бір жарым жастағы арыстан қолға үйретілгенге ұқсайды, адамдардан қорықпайды. Оның әрі қарайғы тағдыры иесі табылып, құжаттары тексерілгеннен кейін анықталады. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу