Салдарынан 20-ға жуық жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5 млн 526 мың теңгені құрады.
"Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша шетелдіктердің Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін 926 шетелдік жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуымен Қазақстанның 300 азаматына шара қолданылды. Үш айдың ішінде 157 шетелдік елден шығарылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын қатаң сақтауға шақырады және құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуді сұрайды.