Маңғыстауда қуаңшылық қысқан шаруалар тізімі жасақталуда

894

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан малы қырылып, қиындыққа тап болған шаруашылықтардың тізімі жасақтала бастады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Маңғыстауда қуаңшылық қысқан шаруалар тізімі жасақталуда

Аудан мен қала әкімдері сол тізім бойынша өз аумақтарындағы малшылардың мәселесін шешуге міндеттеледі. Бұдан өзге, мал басын түгендеу, тіркеу жұмыстары да жалғасуда. Себебі, мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін аналық малға ғана қаржы беріледі. Осы мақсатта, мемлекеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Қазір өңірде 840 мың мал басы бар. Алайда, оның тең жартысынан астамы ғана тіркелген. Ақтау қаласы аумағындағы шаруалар көмекті алды. Аймаққа басқа өңірлерден шөп жеткізілуде. Ал, шаруаларды қыста жем-шөппен қамту үшін қазынадан  5,3 млрд теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу