Маңғыстауда қуаты 42 МВт болатын ЖЭС салынады

1223

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. 

Маңғыстауда қуаты 42 МВт болатын ЖЭС салынады

Бүгін облыс әкімдігінде Форт-Шевченко маңындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, "South Wind Power" ЖШС-нің бас директоры  С.Парцикян, және  "Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy" Co.,Ltd компаниясының өкілі Huang Cheng қол қойды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты.  Инвестиция көлемі 60 млн долларды құрайды.

"Жел қондырғысының құрылысы "жасыл экономикаға" көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жобаның құрылысы осы жылдың тамыз айында басталады", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу бойынша шаралар қабылданып, заңнама  әзірленіп, келісілген құжаттамалар оң қорытындысын алды.

Сондай-ақ, жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ-мен  желілеріне қосылу туралы келісім жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу