Маңғыстауда Кұлалы аралынан да итбалықтардың өлексесі табылды

154

Мамандар теңіз суынан зертханалық талдауларға арналған сынамалар алды. 

Маңғыстауда Кұлалы аралынан да итбалықтардың өлексесі табылды Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті

Маңғыстау облыстық экология департаменті Құлалы аралының жағалауынан 71 итбалықтың өлексесі табылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары, балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері және Гидробиология және экология институтының мамандары 8 қараша күні Кұлалы аралының теңіз жағалауында экологиялық мониторинг жүргізген.

"Мамандар теңіз суынан зертханалық талдауларға арналған сынамалар алды. Талдау нәтижелері жануарлардың қырылу себептерін анықтауға және осы аудандағы теңіз экожүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу