Маңғыстау облысы Шетпе кентінде күннен қуат алатын станция салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Пилоттық жобаны қаржыландырушы шетелдік инвесторлар мен облыс әкімдігі арасында екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. 2018 жылдан бастап 17 мыңға жуық тұрғыны бар Маңғыстау ауданын электрмен толық қамтитын кәсіпорын құрылысына 20 млн АҚШ доллары жұмсалады. Қуаты 12 мегаваттық станцияның бой көтеруіне жергілікті жерден 80 адам тартылмақ. Тағы 50 азамат Астанада білімін шыңдаған соң, тұрақты жұмысқа алынады. "Жасыл энергетика" саласы бойынша өлке тарихындағы алғашқы ірі жоба жүзеге асса, электр қуатын халыққа қолжетімді тарифпен сату жоспарда бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу