Маңғыстауда құны 145 млн теңгелік медициналық мекеме қайтарылды

437

Маңғыстау облысының прокурорлары бағалау құны 145 млн теңгеден асатын "Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері" коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды.

Маңғыстауда құны 145 млн теңгелік медициналық мекеме қайтарылды Фото: КазТАГ

Бұған дейін кәсіпорын Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тыйымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге "Қарақия оңалту орталығы" ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген болатын. 

Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу