Маңғыстауда құны 170 млрд теңгені құрайтын газ өңдеу зауыты салынады

651

Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытын салудың жаңа жобасын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда.  

Маңғыстауда құны 170 млрд теңгені құрайтын газ өңдеу зауыты салынады Фото: Caspian life

Қазір қаржыландыру мәселесі шешімін тапқан. Бұдан бөлек қызмет көрсетуші компанияны анықтау мақсатында тендерлік рәсімдерді жүргізу көзделіп отыр,- деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жобаның сметалық құны 167,7 млрд теңгені құрайды. Зауыттың іске қосылғаннан кейінгі өндірістік қуаты мен жаңадан жасақталатын жұмыс орындары жөнінде деректер жариялаған жоқ. Кәсіпорынның құрылысына 300 жұмысшы тартылмақ. 

Айта кетейік, тағы бір газ өңдеу зауытын Қашағанда 2024 жылы іске қосу жоспарлануда. Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың маусым айында басталды. Бұдан өзге Алматы облысында сұйытылған газды қайта өңдеу зауытын ашылады. Бұл жобаға инвестор 73,3 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Болжам бойынша, кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1 млн текше метрді құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу