Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты

309

Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты Фото: Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы аумағындағы құрылыс нысандарының бірінде 20 жастағы жұмысшы лифті шахтасына құлап қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Департамент деректеріне сәйкес, биыл 4 қараша күні кранмен құм толы науаны жоғары қабатқа жеткізген кезде болды. Құмды түсіріп болған соң, жұмысшы қауіпсіздік орнынан алыстап кетпекші болғанда тепе‑теңдігін жоғалтып, лифті шахтасына құлап кеткен.

Жедел жәрдем бригадасы шамамен 20-30 минуттан соң келсе де, жас жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Ведомство өкілінің айтуынша, жұмыс беруші – ЖК "Сариев С. Ж" және тапсырыс беруші "AN-GroupM" ЖШС аталған қайғылы жағдай туралы аумақтық еңбек инспекциясына уақытылы хабарлаған жоқ. Бұл ҚР заңнамасына қайшы келеді.

– Қазір облыстық еңбек инспекциясы комиссиясын құрған. Мамандар апат себебін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және жауапты тұлғалардың мүмкін болдырған қателіктерін анықтап жатыр. Тергеу аяқталған соң қосымша ресми ақпарат беріледі, –  деп мәлімдеді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Кемалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу