Маңғыстауда қуыққа жасалған күрделі операция сәтті өтті

773

Төрт сағатқа созылған ота сәтті өтті.

Маңғыстауда қуыққа жасалған күрделі операция сәтті өтті Фото: Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының уролог-дәрігерлері гинеколог-дәрігерлермен бірігіп, 40 жастағы науқасқа күрделі операция жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Урология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Бекхожиннің айтуынша, науқас урология бөліміне жоспарлы түрде сол жақты  несепағар-қынаптық жыланкөз диагнозымен келіп түскен. Науқасқа бұрын 4 рет ішті кесу  операциясы жасалған. 

"Науқас жылан көз әсерінен кіші дәреттің қынап арқылы еркінен тыс шығуына шағымданып келді. Бұған дейінгі жасалған ауыр отадан кейін ішке лапароскопиялық жолмен операция жасау қиынға соғады. Себебі іште операциядан кейінгі жабысқақты процесстер болады. Десе де тәжірибелі гинеколог-дәрігерлер Нұрлан Жақиев және Болат Ишанғалимен бірге ақылдасып, операция тағайындадық", - дейді Мұрат Бекхожин.

Лапароскопиялық реконструктивті операциясы, яғни несепағар қынаптық жыланкөзді толық жойып, несепағарды қуыққа қайта орналастыру, несепағарды стенттеу сәтті жасалды. 

"Операциядан кейінгі кезең қалыпты асқынусыз өтті. Бір ай уақыттан кейін несепағарға қойылған стент алынды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қалыпты, шағымы жоқ. Науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаторлы емге шығарылды", - дейді урология бөлімшесінің меңгерушісі Мұрат Бекхожин. 

Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу