Маңғыстауда қылмыскер өмірбақи бас бостандығынан айырылды

1110

Мұндай жаза бірінші рет тағайындалып отыр.

Маңғыстауда қылмыскер өмірбақи бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында қылмыскерге қатысты бірінші рет өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған ер адам 28 мамыр күні түн мезгілінде танысының пәтеріне келеді. Үйде оның кішкентай қыз баласы ғана бар екен. Осыны пайдаланған мас еркек бүлдіршін қызды ұрып-соғып, зорлап, басқа да сипаттағы әрекеттерді жүзеге асырған. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінен белгілі болғандай, бұл іс ҚР Қылмыстық кодесінің 120 және 121 баптарының тармақтары бойынша қарастырылып, сот отырыстары жабық өткен. Күдіктінің адвокаты оның қылмысына айғақтардың жетіспейтінін жоғын алға тартып, сот залынан босатуын сұрағанмен, қылмыс бүге-шігесіне дейін толықтай дәлелденген. Өз кезегінде прокурор жауапқа тартылған адамды өмірінің соңына дейін түрмеге жабуын сұрап, жәбірленуші тарап бұл жазамен келіскен.

Оқиғаның сипатын және жасалған әрекет пен оның салдарының қоғамға қауіптілігін ескерген сот ҚР ҚК 58 бабы 4 тармағына сай өмірбақи бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін өмір бойына жазасын өтейтіні жөніндегі заңға қол қойған болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу