Маңғыстауда қырылған итбалық саны 700-ден асқан

230

Балық инспекциясы мамандары оқиғаға қатысты пікір білдірді.  

Маңғыстауда қырылған итбалық саны 700-ден асқан Фото: baq.kz

Маңғыстауда қырылған итбалық саны 734-ке жетті. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лада.kz басылымының жазуынша, Түпқараған ауданында 137 итбалықтың өлексесі табылды.

"Ақшұқырдың арғы жағында, жартасты мүйістен Ақтауға дейін 64 ұша саналды. Кешеден бастап және бүгін Қарақия бағытындағы Құмды және Жыланды мүйістері бойынша жұмыс істейміз. Нақты деректер жоқ. Қазіргі таңда акт бойынша 734 итбалық тіркелді", - деді балық инспекциясының маманы Андрей Руцкий.

Итбалықтардың қырылуының жекелеген жағдайлары Ақтауда да байқалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу