Маңғыстауда қысқы мал азығына 27 мың тонна шөп қажет

1094

Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айсағали Нұғманов мәлім етті. 

Маңғыстауда қысқы мал азығына 27 мың тонна шөп қажет

Биыл Маңғыстау облысына барлығы 77 мың тонна шөп алып келу жоспарға алынған. Қазіргі таңда соның 65%-ы, яғни 50 100 тонна шөп тасымалданды.

 Өңірдегі қысқы мал азығын толықтай қамтамасыз ету үшін барлығы 27 мың тоннадай шөп қажеттігі айтылды.

"Облыстағы қыс мезгіліне қажет 27 мың тонна шөптің 19 мың тоннасы өзге облыстардан және  8 000 тоннасын жергілікті жерден шабылады деп жоспарлануда. 19 мың тоннаны сатып алуға 1,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда соның 1,1 млрд теңгесі беріліп 15 000 мың тонна шөп алып келу үшін операторлар  тағайындалды", – деді Айсағали Нұғманов.

Жоспар бойынша өңірімізде биылғы жылы 53 мың тонна жем келуі тиіс. Бүгінгі таңда оның тек 55%-ы, яғни  29 300 тонна ғана берілген. Қазіргі уақытта шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етіп, мал азығы тапшылығын жою мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу