Маңғыстау прокуратурасы Маңғыстау атом энергия комбинатын соңғы алты жылда анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Lada.kz мәліметінше, Маңғыстаудағы МАЭК соңғы алты жылдағы жұмысына прокуратура тексеру жүргізді. Нәтижесінде жүздеген бұзушылық анықталған.
Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, кәсіпорынның 6 жылдағы жұмыс нәтижелері кешенді тексерілген. Прокурордың пікірінше, анықталған бұзушылықтардың көпшілігіне себеп қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоспарлаудағы қателіктер болды.
Сонымен қатар басшылар тарапынан бақылау әлсіз болған.
Құттықов кешенді тексеру кезінде метрология, Атом және энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ТЖ және СЭС саласында 400-ге жуық бұзушылықтар анықталғанын айтты.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық белгілері бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады. Барлық кінәлі мамандар жауапқа тартылады, дейді қадағалау органының басшысы.
"Тексеру аяқталғаннан кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы барлық бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Сондай-ақ "МАЭК" кәсіпорны халық үшін аса маңызды стратегиялық объект екенін тағы да атап өткім келеді. Қадағалау органы тарапынан тексеру комбинатты жаңғыртуға оң серпін беретініне сенімдімін. Бұл мәселеге Үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді", - деп атап өтті "МАЭК" ЖШС Бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев.