Полиция қызметкерлері ГАЗель көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының жүк салғышынан ұрланған үш қой табылып, төрт адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды.
Әрі қарай, ұсталған күдіктілерді тергеп-тексеру нәтижесінде олардың тағы 44 қой ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 3,3 млн теңгеге жуық.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу