2021 жылдың 10 қазанында түнгі сағат 02:30 шамасында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Көктем шағын ауданында жолда 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен "Toyota Harrier" автокөлігін тоқтатқан.
Полиция инспекторлары көлік құралын басқарып келе жатқан жүргізуші әйелдің мас күйде екеніне күдіктенген.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық жағдайы анықталды.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары 2019 жылдың қараша айында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және қалалық сот оған үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындағанын анықтады.
Осындай жағдай келесі күні Қарақия ауданы Құрық ауылында орын алды. Аудандық полиция бөлімі инспекторлары 2:30 шамасында 2 шағын ауданда 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруында болған "Kia Cerato" автокөлігін тоқтатты, әйел адамның ішкілікті күйде болғанына күдік туып, медициналық сараптама нәтижесі жеңіл дәрежедегі масаң күй нәтижесін көрсетті.
Бұл азаматша 2019 жылдың қаңтар айында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және сот оған үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындағаны анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ҚК 346-бабы (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді және жүргізушілерден мұндай фактілерге жол бермеуді сұрайды.