Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан заңсыз ақша жинаған

172

Прокурорлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. 

Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан заңсыз ақша жинаған Фото: pixabay

Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан ақша жинап жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Мұнайлы ауданының прокуратурасы "№3 арнайы мектеп" КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын "Kaspi bank" және "Halyk bank" мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу