Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер төбелесті

2078

Полиция "соңғы қоңырау" күнгі тәртіпті күшейтуде. 

Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер төбелесті

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылының мектеп бітіруші түлектері соңғы қоңырауды "ерекше" өткізді. Олар бұл күні екі жаққа бөлініп төбелесті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлайды облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай,  төбелесіп жүргендер – ауылдағы Ж.Калдығараев пен Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушылары. Ал кейбір ақпарат көздеріндегі "Жаңаөзенде тағы көтеріліс болып жатқандығы" жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Қазіргі күні "соңғы қоңырау" күніне байланысты күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшкен жергілікті полиция түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертіп, мектеп оқушыларының бүгінгі тәртібін қадағалауды күшейтуге шақырып отыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу