Маңғыстауда мектептегі ыстық тамақтың құнын көтеру ұсынылды

508

Маңғыстау облысында жергілікті бастамалар орталығының қатысушылары нарықта азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына байланысты кәсіпкерлер тамақ сапасын төмендетті деп санайды.   

Маңғыстауда мектептегі ыстық тамақтың құнын көтеру ұсынылды Фото: liter.kz

Ата-аналар мектепте балаларының дұрыс тамақтануын қалайды. Соңғы 3 жылда тамақ сапасына қатысты айтылған сын көп, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Әсия Доқтырбайқызы 6 бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі - мектеп оқушылары және мектеп асханаларында тамақ ішеді. Оларға құнарлы ас берілгенін қалайды. Асханада тамақ сапасының төмендеуіне азық-түлікке ақша үнемдеу себеп болып отыр деген пікірде.

Облыс мектептерінде тамақтану бағасы - 500 теңге. Басқа облыстармен салыстырғанда Маңғыстауда оқушылардың тамақтану құны айтарлықтай арзан.

"Шектік бағаны 500 теңгеден асырмау тым аз. Қазір нарықтағы жоғары бағаны ескере отырып, бірде-бір кәсіпкердің шығынын ақтамайды. Сондықтан бағаны кем дегенде 700-800 теңгеге дейін көтеру керек. Тамақтың толыққанды болуы үшін мұны қолға алу керек деп санаймын", - дейді ата-аналар.

Маңғыстау облысында бастауыш сыныптарда 18 мыңнан астам 1-сыныптың оқушысы тегін тамақтанады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасының тағы 25 мың баласы жеңілдікпен ас ішеді.

"Біз бұл мәселені облыс әкімдігінде де, Экономика Министрлігінде де бірнеше жыл қатарынан көтеріп келеміз. Қазір біздің мақсатымыз - 2,3 және 4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру тізіміне енгізу. Сонымен қатар, мүмкіндігінше азық-түлік бағасын реттеу қажет", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

Айтайық, еліміздің көптеген өңірінде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Маңғыстау облысы олардың қатарына кірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу