Маңғыстауда мектептердің 90 пайызы бейнекамерамен бақыланады

1215

Маңғыстауда мектептердің 90 пайызы бейнекамерамен бақыланады

Маңғыстау облысында барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының 90 пайызы видеокамерамен жарақталды, олардың саны - 431, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бейнебақылау жүйелерімен лаңкестік тұрғыдан осал нысандарды лаңкестікке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талапқа (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191) сәйкес қамтамасыз етіледі. 431 нысанның (244 мектепке дейінгі ұйым, 141 мектеп, 6 арнайы білім беру ұйымы, 14 қосымша білім беру орталықтары, 26 колледж) 400-і бейнебақылау камерасымен жарақталды.  Камера қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылады. Барлық білім беру ұйымдары Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметке қосылған. Енді қалған мекептерге камера орнату жұмыстары жүргізілуде", - деді облыстың білім беру басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Оразкүл Байжанова.

Бұдан басқа, облыс мектептерінде қауіпсіздікті сақтау үшін тәжірибе ретінде Ақтау қаласының 5 мектебіне және қазақ-түрік лицейіне кіреберістік турникеттер орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу