Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған

597

Оқытушы жұмыстан босатылды.

Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған Фото: видео скриншот

Оқиға осыдан екі күн бұрын, 16 қаңтарда Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады. 

"Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды", - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу