Маңғыстауда мүгедектерге жағдай жасамаған мекемелер жауапқа тартылды

400

Бүгінгі күні аталған 56 нысанның 24-і айыппұл төлеп, қалғандарының нұсқаманы орындауы қатаң бақылауға алынған. 

Маңғыстауда мүгедектерге жағдай жасамаған мекемелер жауапқа тартылды

Еңбек, әлеуметтік және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті былтыр әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 47 профилактикалық бақылау және 16 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 56 мекеменің басшысына құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған бес лауазым иесіне жалпы сомасы 1616 000 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бүгінгі күні аталған 56 нысанның 24-і айыппұл төлеп, қалғандарының нұсқаманы орындауы қатаң бақылауға алынған.

 Құзырлы мекеме 2020 жылдың қаңтар-мамыр аралығы бойынша да есеп берді. Жыл басынан бері 6 профилактикалық бақылау және 4 жоспардан тыс тексеру жүргізген департамент тоғыз лауазым иесінің әрекетінен заңға қайшылық тауыпты.

 Айта кетейік, елімзде ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83- бабына сай, лауызымды тұлғаларға - 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу