Маңғыстауда мұнай ашық далаға ағып жатыр

475

Қараусыз қалған ұңғымаға жаңа оператор бекітілгеннен кейін тазалау жұмыстарын жүргізіледі  

Маңғыстауда мұнай ашық далаға ағып жатыр Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының экология департаменті әлеуметтік желіде мұнайдың ашық далаға ағып жатқан жерде жануардың өлгені туралы бейнежазба бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Видеодада көрсетілген - Маңғыстау ауданы Қарақия ауданының Жетібай ауылының шығыс бөлігіне шамамен 10-15 шақырым жерде орналасқан "Шалба" учаскесіндегі "NSH – P1" ұңғымасынан 2020 жылы төгілген мұнайдың эмульсиясы. Ол ұңғыманың иесі жоқ. 

Полицияда қылмыстық іс қозғалып, алайда қылмыстың құрамы анықталмағандығына байланысты іс қысқартылған.

Қазіргі кезде ҚР Энергетика Министрлігі тарапынан "Шалба" учаскісіндегі мұнай кен орынын игеру үшін мемлекеттік сатылым аукционына қайта шығарылып, нәтижесінде "ARK Petroleum" ЖШС-гі жеңімпаз атанды.

Алдағы уақытта "ARK Petroleum" ЖШС-гі тарапынан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен аталған учаске бойынша тазалау және рекультивациялау жұмыстары жүргізілетін болады.  

Сонымен қатар, Департаменттің ұсынысымен адам денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында және үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарақия ауданы мен Маңғыстау ауданы әкімдіктері төгілген мұнай эмульсияларына уақытша топырақпен қоршау жұмыстарын жүргізген болатын.

Сондай-ақ, үй жануарларын ұстаудың және жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен үй жануарының иесі және жауапты адамы алаңдаушылық туғызуға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 

Департамент тарапынан Маңғыстау аданының әкімдігіне және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына "Шалба" учаскесіндегі мұнайға түскен мал өлексесін алып, жою жөнінде жұмыстарын жүргізуге хат жолданды.

Өз кезегінде, тағайындалғанған оператормен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты дайындалғаннан соң аталған жерге тазалау жұмыстары жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу