Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді

376

ҚР ҰҚК қызметкерлері мұнай өнімдерін шетелге тасымалдаған заңсыз топты анықтады.

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді Фото: Тумба.кз

Операция арнайы жасақ жауынгерлерінің қатысуымен өтті.                                                                                                                                                   

"20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мақсаттағы қызметін тарта отырып әрі Түркістан облысының прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасап, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге, оның ішінде теңіз арқылы тасымалдаушлдардың заңсыз арнасының жолын кесті. Астана, Шымкент қалаларының, Түркістан және Маңғыстау облыстарының аумағында қажетті тергеу, жедел іс - шаралар жүргізілуде", - делінген ҚР ҰҚК ресми хабарламасында.

Ведомствода қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.                                                                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу