Маңғыстауда өртенген мұнай резервуарының алдын ала себебі жарияланды

506

Зардап шеккендер жоқ.  

Маңғыстауда өртенген мұнай резервуарының алдын ала себебі жарияланды Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті

Маңғыстау облысындағы Құлжан мұнай кен орнында резервуарды тазалау жұмыстары кезінде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 7 тамызда Meerbusch ЖШС-нің мұнай тапсыру пунктінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 2 мың текше метр болатын №2 резервуардың түбіндегі шөгінділерді ішкі тазалау кезінде ЦА-320 цементтеу агрегаты өртенген. Жұмыс жүргізілген сәтте резервуар бос болған, ішінде мұнай болмаған.

Өрт сағат 19:20-да оқшауланып, 20:00-де толық сөндірілді. Мұнайдың жабдық пен нысан аумағынан тыс жерге төгілуіне жол берілмеген. Алдын ала бағалау бойынша, өрт айтарлықтай материалдық шығын келтірмеген. Қазіргі уақытта кен орны қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Оқиға туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарланған.

Өрттің нақты себебі, келтірілген шығын көлемі және оқиғаға құқықтық баға тексеру қорытындысы бойынша анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу