Алаяққа алданғандардың бірі – Ақтау тұрғыны. Ол "мұнай саласына жұмысқа орналастырып беремін" деп адамға 350 мың теңге көлемінде ақша берген. Полицияға арызданған Түпқараған ауданының тұрғыны да осындай сомада ақша берген болып шықты.
"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды" - деп мәлім етті полиция департаменті.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу