Маңғыстау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, арматура өндіру жобасын іске асырып жатқан "Hadid" ЖШС-не қолдау көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылып, 35 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Кәсіпорынның ерекшелігі – мұнай өндіруде қолданылған сорғы штангаларын қайта өңдеу арқылы құрылыс арматурасын өндіру.
Алайда жоба барысында шикізат тапшылығы туындап, өндірістің тұрақтылығына қауіп төнген.
Прокуратураның араласуымен "Hadid" ЖШС мен "Қаражанбасмұнай" АҚ арасында қажетті қара металл сынығын жеткізу жөнінде меморандум жасалып, жобаның жұмысы толық қамтамасыз етілді.